Арыс қаласында құс шаруашылығы өнімдеріне жетіспеушілік байқалады. Аймақ өзіне қажетті тауарды көршілес орналасқан аудандардан алдырады. Ал үй жайында тауық ұстайтындар Арыс нарығының тек 15 пайызын ғана қамтып отыр. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласына барған жұмыс сапарында айтылды. Жұмыс сапарына әріптесіміз Нұрдәулет Сыздық та бар.