Тұрғындарға қолайлы болу үшін Түркістан облысының әкімі аудан, қалаларда тұрақты түрде жеке қабылдау өткізіп келеді. «Ашық есік» күні бірыңғай қабылдауын бұл жолы Созақ ауданында жалғастырған өңір басшысы Дархан Сатыбалды тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады. Ал онда тұрғындарды алаңдатқан негізгі мәселелер қандай? Оны дәл қазір тікелей эфирде арнамыздың тілшісі Ақдариға Мұхаддас айтып беруге дайын екен.