Сайрам ауданының халқы да дауыс беруге белсенді қатысып жатыр. Дәл қазіргі сәтке келіп түскен ақпараттарға сәйкес 35 мыңнан астам азамат өз таңдауын жасап үлгеріпті. Жалпы ауданда 89 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дәл қазір біздің тілшілеріміз Сайрам ауданындағы сайлау учаскелерінен тікелей эфирге шықпақ.