9-11 маусым аралығында Түркияның Кастамону қаласында 23 мемлекет түркілерінің басын қосатын келелі шара, "Түркі дүниесінің күндері" өтеді. Фестиваль аясында ғылыми тәжірибелік конференция жоспарланған. Онда бауырлас халықтар ғалымдары, академиктер түркі жұртының тарихы, садақ ату және жылқы шаруашылығы сияқты мәдениетіміз мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар, қала орталығында мәдени-көпшілік іс шаралар мен түрлі қойылымдар көрсетілмек. Шара шеңберінде тағы қандай жоспарлар бар? Дайындық жұмыстары қалай жүріп жатыр? Ол туралы толығырақ Түркияның дәл осы Кастамону қаласындағы әріптесім Ақдариға Мұхаддастан сұрап білейік.