Көненің сарқыншағын көздің қарашығындай сақтайтын бірден бір жер - музей. Бүгін халықаралық музей күніне орай тарихы терең Түркістанда түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бірі - "Ұлы Дала Елі" орталығындағы "Ашық есік" күні. Таңғы 10 шамасында бастау алған шара қазір «Музей – тарих қоймасы» атты кітап көрмесі мен балалардың қолөнер жәрмеңкесіне ұласты. Толығырақ оқиға орнында жүрген әріптесіміз Балым Әлішер айтып берсін.