Қанжығамызда - 39 медаль. Оның 21 алтыны мен 5 күмісін Түркістан облысы, Шардара ауданының спортшылары иемденді. Алматыда өткен қол күрестен 44-ші Әлем чемпионатында отандастарымыз осындай нәтежиеге қол жеткізді. Байрақты бәсекеге әлемнің 50 елінен мыңға жуық спортшы қатысқан. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ел мерейін үстем еткендермен арнайы кездесіп, құрмет көрсетті. Толығырақ тілші материалында.