Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдау кестесіне жұртшылықпен жүзбе-жүз кездесті. Жеке қабылдауға келген тұрғындар баспанамен қамту, жер телімін бөлу, жұмыспен қамту, және т.б әлеуметтік мәселелерді көтерді. Облыс басшысы тарапынан жауапты мамандар мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Мәселен, сарыағаштық мүмкіндігі шектеулі азамат мүгедектерге арналған пандус мәселесін көтерді. Тұрғынның өтініші негізінде тексеру жұмыстары да басталатын болды. Ерекше мұқтаждығы бар азамат сөз соңында өздеріне үнемі қолдау көрсетіп жүрген кей халық қалаулыларына ризашылығын да білдірді. Жалпы, бұл кездесуде өңір басшысы азаматтардың өтінішін мұқият тыңдап, барлық мәселе заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті.