Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инфрақұрылым тарту жұмыстарын жеделдету керек. Инвестициялық штабтың кезекті отырысында осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Мәселен, Сауран ауданында сүтті қайта өңдеу бойынша жаңа кәсіпорын іске қосылмақ. Зауыт жылына 4 мың тоннаға жуық сүт өнімдерін шығарады. Алайда, мекемені магистралды газ құбырына қосу үлкен мәселе болып отыр.