Кентау қаласындағы жылу энергия орталығының қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. 14 000- нан астам абонентті жылумен қамтамасыз ететін орталық өткен ғасырдың ортасында пайдалануға берілген. Соңғы 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Сондықтан алдағы уақытта мұнда рекострукциялау жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басқарма мен қала әкіміне құрылыстың сапасына басты назар аударылатынын ескертті.