"Түркістан облысындағы кәсіпорындар аймақтық деңгейде қалып қоймауы тиіс. Өнімдерін экспортқа шығаратындай деңгейге жетуі керек". Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауаптыларға осындай тапсырма жүктеді. Айта кетсем, жуырда өңір басшысының тапсырмасымен Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш және Келес аудандарының әкімдері Қытай Халық Республикасының бірнеше қаласын, индустриалды аймақтары мен өндіріс орындарын аралап келген болатын. Ондағы мақсат қандай? Іссапар барысында қандай келісімдер жасалды? Толығырақ тілші тарқатсын.