Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылының тұрғындары ауруханаға жарымай отыр. Елді мекенде емдейтін орын бар. Алайда 12 жыл бұрын салынған ғимараттың қабырғасы қақырап, ортасы ойылып түскелі тұр. Сарапханалықтардың мәселені көтеріп жүргеніне де біраз болды. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдау үшін өңір басшысы Дархан Сатыбалды орталыққа арнайы барды. Жауаптыларға тапсырма да берді. Сондай-ақ өңір басшысы медициналық нысанның жай-күйін жан-жақты зерделеп, көп ұзамай бір шешім қабылданатынын айтты.