Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан мен Туркия елдерінен келген БАҚ өкілдерімен кездесті. Еркін форматта өткен жиында шетелдік журналистер Түркістанның бүгінгі келбеті мен даму қарқынына оң бағасын берді. Аймақ басшысы түркі елінің рухани астанасы Түркістанды әлемге таныту мен туристік әлеуетін арттыру мақсатында ақпараттық-насихат жұмыстарын жұмыла жүргізуге шақырды.