Ішкі істер министрлігі жедел профилактикалық шараның аясында есірткі және улы заттар бойынша 22 қылмыс анықтады. Мамандар 900-ге жуық кәсіпорын мен ұйымды тексерген. Сондай-ақ 43 келі есірткі, талапқа сай сақталмаған дәрі-дәрмектің 15 мыңға жуық ампуласы тәркіленді. Елордадағы медициналық ұйымдардың бірінен 350 ампула морфин табылды. Мұндай құқықбұзушылық үшін 590 мың 720 теңге айыппұл салынады. Оған қоса лицензиялау нормасына сай емес 3 мың тоннадан аса прекусор анықталды. Құқық қорғау қызметкерлері денсаулыққа зиянды заттардың айналымына шектеу қойды.