"Дәстүрлі құндылықтар керуені" Кентау қаласына келді. Оның мақсаты - жастарға деструктивті діни ағымдарға ермеуді насихаттау, ұлттық құндылықтарды кеңінен түсіндіру. Кездесу облыстық Дін істер басқармасының ұйымдастыруымен өтуде. Оған арнайы айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков пен белгілі теолог Досай Кенжетай келген. Олар қала халқымен сұхбаттасып, көкейіндегі сұрақтарына жауап берді. Келгендердің көбі жастар, сондықтан сұрақтардың басым бөлігі білім ұяларындағы тәрбие, діни тақырыптар жөнінде болды.