Дауыс беруден алға шыққан өңірлер белгілі болды. Сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 53,11 пайызы бюллетень алды. Яғни Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша еліміздің басым бөлігінде сайлаушылардың жартысынан көбі таңдау жасаған. Қызылорда облысының тұрғындары белсенді болғаны белгілі. Өңірде азаматтардың 65,70 пайызы таңдау жасап үлгерген. Одан кейінгі орында 60 пайызбен Жамбыл облысы тұр. Ал ең төменгі нәтиже Алматы қаласында. Шаһарда, дауыс бергендер саны 22,95 пайызды көрсетті.