Биыл еліміздің 8 өңірінде 11 полиция қызметкері тәркіленген есірткіні сату кезінде ұсталған. Бұл туралы бүгінгі үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса айтты. Оның сөзінше тәркілінген есірткі ерекше қорғауда болып, көзі жойылу керек еді. Алайда кейбір тәртіп сақшыларының оны сатумен айналысқаны қасқырға қой бақтырғанмен тең деп, Ішкі істер қызметін әбден сынға алды. Биыл күзетші иттердің өзі 260 есірткі дерегін анықтап, одан 6 тонна есірткі заты тәркілеген екен. Дегенмен иттер есірткіні тапқанымен оны полицейлердің сатып жатқаны көңілге қаяу түсіретін жағдай дейді депутат.