Былтыр Төле би ауданында өзекті мәселелерді шешу үшін бюджеттен 11 млрд 710 млн теңге бөлінген. Қаржы аудандағы инфрақұрылым жүйесін жаңғыртуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалды. Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібайдың төлебилік тұрғындарға берген есебінде белгілі болды. Кездесуде тағы қандай мәселе көтерілді? Төлебилік тұрғындар мен халық қалаулысы аймақты дамытудың түрлі жолдарын талқылады. Депутат Ғалымжан Елшібай аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын сөз етті. Айталық былтыр аудан табиғи газбен 100 пайыз қамтылған болатын. Кездесуде басқа да тақырыптар қозғалды. Ауыл азаматтары талап-тілектерін бүкпесіз айтты.