Жекеменшік мектеп оқушыларына ыстық тамақ берілмейді. Мәжіліс қабырғасында депутат Қайрат Балабиев осылай деп үн қатты. Ол өз сөзінде, мемлекеттік білім ошағы мен жеке мектеп арасындағы айырмашылықты айтты. Бүгінде еліміздегі 7611 білім ұясының 707-сі жеке. Оқушылар саны болса 245 мыңнан астам. Ал олардың тең жартысы 1-4 сынып оқушылары. Десе де, жеке мектепте оқитын аз қамтылған отбасы балалары мемлекеттік мектепке ауысуға мәжбүр. Тиісінше бұл теңсіздікке одан қала берді 3 ауысымды оқуға әкеліп соғады,-дейді.