Награда сататындар көбейген. Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай бүгін Парламент мінберінде осы мәселені көтерді. Ол өз сөзінде, жалған атақтарды жеке тойлардың өзінде жыртыс таратқандай үлестіретінін айта келе, 50 мың теңге берсеңіз «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атанасыз деді. Ал еліміздің құрметті атағын иеленуіңіз үшін 100 мың теңге жеткілікті көрінеді. Халық қалаулысы «Ұлт ұстазы» деген сәулелі сөздің құны жоғалғанын айтып қынжылды.