Түркістан облысында 1112 дін қызметкері болса, оның 18 пайызы ғана жоғары білімді. Енді имамдар біліктілігін арттыру мақсатында арнайы курстан өтеді. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы баспасөз жиынында айтты. Одан бөлек Рүстем Сабыржанұлы теологтардың жалақысы 4 есеге жуық өсетінін мәлімдеді.