Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі теология факультетінің студенттері енді білімін шет елдерде жетілдіре алады. Себебі, оқу ордасы Түркиядағы теология ғылымдары орталығымен арнайы келіссөз жүргізіп, оң нәтижеге қол жеткізді. Халықаралық университет арнайы аккредитациядан өтіп, шәкірттердің әлемнің кез-келген жоғары оқу орындарында дінтануды оқуына мүмкіндік ашылып отыр. Бұған дейін түркістандық студенттер Түркия мемлекетінде ғана білім ала алатын еді. "Бұл - дінтану мамандығына қызығушылар үшін үлкен мүмкіндік, әрі осы саладағы білім сапасын да арттыра аламыз", - дейді, мамандар. Айта кетейік, теология факультеті елімізде тек Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде ғана бар.