Қазақстан мен Германия президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы жасыл сутегін өндіруге арналған бірлескен жобаның маңызы зор екенін тілге тиек етіп, немістің озық технологиясы мен тәжірибесі негізінде кәсіби мамандар дайындау қажет деді. Сондықтан Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылатын болды. Мәлімдеменің келесі сатысында екі елдің алыс-берісі сөз болды. Германияның Орталық Азия елдерімен экнономикалық қатым-қатынасының 83 пайызы біздің елге тиесілі. Былтыр екіжақты сауда-саттық шамамен 10 миллиард доллар болыпты. Сондықтан Қазақстан Германияның басты 50 экономикалық серіктесінің қатарына кіреді деді екі ел президенті.