Еліміздің қос қаласында бір мезетте қонақ үй өртенді. Екі жағдайда да ешкім зардап шеккен жоқ, Семейде өрт қонақүйдің үшінші қабатындағы бөлмеден шығып, 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылардың жедел әрекеті нәтижесінде қызыл жалын 22 минут ішінде ауыздықталды. Ал Алматы қаласында 2 қабатты қонақ үй өртке оранған. Оқиға Алатау ауданында тіркелді. Қызыл жалын 700 шаршы метр аумақты шарпып, іштегі 10 адам өз күшімен сыртқа шыққан. Өрт жапсарлас тұрған сауда орындары мен 2 жеке тұрғын үйге ұласқан. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.