Екібастұздың жылу электр орталығында тағы да апат болды. Демалыс күндері түнгі сағат 01:10-да күл шығаратын құбырдан ақау анықталған. Су жылыту қазандықтарының 2-ші цехіндегі багер сорғысы су астында қалған. Қазір апат жойылғанымен, қалпына келтіру ісі жалғасып жатыр. Жылу энергия орталығындағы құбырдан аққан су толық тазартылған. Сорғы қондырғылары үшін резервтегі қозғалтқыштар жеткізілді. Екібастұз жылу орталығы тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Мұның алдында күл шығаратын құбыр жарылып, су жылытқыш қазандық агрегаттары резервтегі отын - мазутқа көшірілген еді. Қазір жеті қазандық жұмыс істеп тұр - дейді мамандар. Былтыр Екібастұздың Жылу электр орталығында бірнеше рет апат болып, Төтенше жағдай жарияланғаны ел ұмытқан жоқ. Ал жазда Екібастұздың Жылу электр орталығы 22 млрд теңгеге жөнделгенін де атап өту керек.