Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысын белсенді жалғастыруы қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. Үкімет басшысы экономиканың барлық салаларында өсу қарқынын арттыру үшін жұмысты күшейтіп, нақты шаралар қабылдау қажет екенін айтып, үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді.