Бүгін елордамыз Астанада өткен Үкімет отырысында азаматтардың табыс деңгейін арттыру мәселесі қаралды. ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов ол үшін кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту үшін қолайлы жағдай жасау керектігін айтты. Сондай-ақ мемлекеттік бюджетті ұтымды бөлу де айтарлықтай экономикалық өрлеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді – деді Үкімет басшысы.