Қазығұрт ауданында «Ел тірегі» атты жауынгерлік кездесу өтті. Ерлікке, патриотизмге шақырған шара Республика күніне орай ұйымдастырылды. Іс-шараға «Мұрагер» бейбітшілік шарты әскери күштері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазығұрт аудандық филиалы мұрындық болған. Жиында аталған ұйымның мүшелері бастарынан өткен оқиғаларын, өмірлік тәжірибелерін жастарға баяндап, өскелең ұрпақты отан алдындағы борышын өтеуге шақырды.