Қазақстанда алдағы жылдары энергетикалық қуат көздері кезең-кезеңімен іске қосылады. Ал қазір жұмыс істеп тұрған электр станциялары жаңғыртылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Премьер министр электр энергетикасы – ел экономикасының "тамырына қан жүгіртіп", тұрақты дамуға негіз болатын бірегей сала деп атап, жауаптыларға электр энергиясы тапшылығын жою шараларын жылдамдатуды тапсырды. Бұл бағытта елімізде электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленген.