Қазақстан толығымен жобалық басқаруға көшеді. Мемлекеттік басқару жүйесін жобалық басқару заң жүзінде бекітіледі. Осыған орай елімізде тиісті тұжырымда және заң жобасы әзірленіп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында Мемлекеттік жоспарлауды жобалық басқару жүйесіне көшіруге қатысты жұмыстар пысықталды. Мамандардың айтуынша, жобаны басқарудың тиімді әдістері процестерді оңтайландыруға, жалпы өнімділікті арттыруға көмектеседі.