Елімізде жұмыс істемейтін, оқымайтын жастар үлесі 6 пайыздан асады. NEET санатына жататын жастардың көпшілігі Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша жастарға арналған жобалармен бағдарламаларды іске асыруға қаражат қомақты. 18 мыңнан астам азаматқа жеңілдікпен несие беріледі. 2 миллион 300 мың жастар жұмысқа орналастырылып, 3 миллионға жуығы жоғары білім алады.