Елімізде қоқыс өңдеу жұмысы әлі күнге жолға қойылмай отыр. Министрлер мен әкімдер бұл істі созбалаңға салып жіберді. Осылай деген премьер-министр жауаптыларды сынға алды. Оның сөзінше, қоқысты жерге көме салу, тіпті болмаса таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналған. Ал экология министрі 3 млн тоннадан астам қалдық жерге көмілген деп дабыл қақты. Мәселе қалай шешілмек?