Қазақстанда бір жыл ішінде 29 қаржы пирамидасы жойылған. Олардың қызметін жарнамалайтын 13 000 интернет сілтемелері мен акаунттар бұғатталып, 19 000 адамға ескерту жіберілді.Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, өткен жылы осы қаржы пирмидаларынан зардап шеккен азаматтарға 8,3 миллиард теңгенің шығыны өтелген. Дегенмен азаматтар өздеріне керемет табыс ұсынатын адамдарға сеніп, жинақтарын күмәнді схемаларға салуды жалғастырып жатыр дейді мамандар. Мәселен, Шымкентте "AYBA-Жанұя" қаржы пирамидасы салымшыларды "пәтер береміз" деп алдаған. Аталмыш компания ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға көмек көрсететіні анықталды.