Елімізде телефон алаяқтарын бақылайтын арнайы орталық құрылғалы жатыр. Ол қазақстандықтарға қарсы жасалатын алаяқтық схемалармен күресуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Ұлттық банк жанынан құрылатын алаяқтық операцияларға қарсы орталық жалған транзакцияларды бақылауға және болдырмауға, ақша аударымдары мен алаяқтардан түсетін қоңырауларды қадағалауға жауапты болмақ. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелердің бірыңғай платформасы іске асырылады. Енді жеке компаниялар азаматтардың деректерін сақтамайды, жұмыс кезінде олар мемлекеттік деректер базасына жүгінеді.