Еліміздегі әрбір төртінші лифт ескі. Ұлттық лифттер қауымдастығының мәліметінше, көбісі жөндеуді, толық ауыстыруды қажет етеді. Жалпы олардың қызмет ету мерзімі 25 жыл. Қазақстан бойынша 6700 лифтіні жаңғыртуға шамамен 80 миллиард теңге қажет. Негізі елімізде барлығы 30 мыңға жуық тұрғын үй лифтілері бар. Ал коммерциялық және мемлекеттік мекемелердің саны 15 мың.