Еліміздегі спорт нысандарының саны артады. Инфрақұрылымның болмауы кәсіби спортшы үшін үлкен кедергі екені жасырын емес. Сондықтан, мәдениет және спорт министрлігі тың жобаны қолға алмақ. Жақын арада елімізде 113 жаңа спорт кешені бой көтереді екен. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Оралов халықпен кездесуде баяндады.