Түркістанда «Ер Түріктің бесігі» атты облыстық аламан айтыс өтуде. Оған әр ауданның намысын қорғап 8 жұп, яғни 16 ақын қатысып жатыр. Бұл облыс атағын алғалы өтіп жатқан ең бірінші айтыс. Бір қызығы оған өңірдің ең жас айтыскерлері де қатысуда. Айтыстан ары қарай ақпаратты Әлия Мұхтарқызы жалғастырады.