Наурыз - ізгілік пен адамдардың жомарттығын паш ететін мейрам. Өңірімізде Наурыз мейрамының онкүндігі аясында қайырымдылық шаралары қатар өтуде. Бүгін арнайы күтімді қажет ететін жандар Наурыз мейрамын тойлады. Шұғылалы көктемнің шуақты күнінде жомарт азаматтар арнайы ақ дастархан жайып, түрлі конкурстар ұйымдастырылды. Шараға Түркістан қаласы мен Сауран ауданынан жүзге жуық адам қатысты. Жиынды ұйымдастырушылар бірнеше жылдан бері ерекше күтімдегі азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Оларды әр мерекеде ұмыт қалдырмай, уақытылы ем-дом алуына да демеушілік жасап жатыр. Сондай-ақ, ерекше жандардың спортпен шұғылдануы үшін де жағдай жасалады.