Түркістанда аптап ыстық әлі де басылмай тұр. Алайда сынап бағанасы 45 градусты көрсетсе де, тазалықшылар қала көшелері бойындағы өздерінің күнделікті жұмысын бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Олардың осындай жанқиярлық еңбегін бағалаған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департменті жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» салқын су мен жүрек жалғайтын тіскебасар таратты.