Алматыдан Астанаға синтетикалық есірткі жеткізудің ірі арнасы жойылды. Елордада логистикалық компания арқылы есірткінің ірі партиясын алу кезінде Павлодар облысының тұрғыны ұсталды. Күдіктінің автокөлігінен 5 келіге жақын мефедрон салынған 16 полиэтилен пакет, электронды таразы және 500 дана zip-пакет тәркіленді. Бір мезгілде Алматы қаласында есірткі жөнелтуші құрықталды. Оның пәтерін тінту барысында есірткі заты бар бес пластмасса контейнер, екінші деңгейлі банктердің төлем карталары, 1,3 млн теңге көлемінде қаражат және электронды таразы тәркіленді.