Түркістанда өзбек этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті. Сайыс барысында қатысушылар ВОЛИБОЛ, кіші футбол, стол теннисі, шахмат, дойбы сынды спорттың бес түрінен бақ сынады. Этностардың достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуды көздеген іс-шараға Түркістан, Кентау қалаларындағы, Қарнақ ауылы мен Сауран ауданындағы Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері қатысты. Аса тартысты өткен сайыс нәтижесінде волейболдан – І орын Түркістан қаласына бұйырса, Сауран ауданы - І І орынды иеленсе, Кентау қаласы – ІІІ орынды місе тұтты.Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаз командаларға тиісті дәрежедегі кубок және грамоталар табыс етілді. Сайыстың қортындысы 27 сәуір өтеді деп күтілуде.