«Этносаралық шиеленістердің шығу себептері және оның алдын алу». Бүгін Түркістанда осындай семинар өтті. Келелі жиынға жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдарының өкілдері және ассамблея мүшелері қатысты. Мақсат - осы саладағы мемлекеттік органдардың міндетін айқындап, этносаралық қақтығыстардың алдын алу.