Елімізде етті ең көп тұтынатын өңірлер анықталды. Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың 3-ші тоқсаны бойынша жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну бюллетенін жариялады. Орта есеппен елімізде азық-түлік сатып алу үшін тұрғындар қаржысының 17 пайызын ет өнімдеріне, 7,8 пайызын нан мен жарна, 5,4 пайызын сүт өнімдерін жұмсапты. Ал, ет өнімдеріне сұраныс көбіне Жетісу, Атырау, Ақмола облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалды. Ал, Түркістан облысы нан мен жарма өнімдерін тұтынудан көш бастап тұр. Өңір тұрғындары орта есеппен 44 келі 100 грам тұтынады. Айта кетсек қазақстандықтар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда етті 700 грамм, сүт өнімдерін 1 келі 200 грамға артық қажетіне жаратқан.