Отырар ауданының тұрғындары «Ауыл аманаты» бағдарламасының игілігін көруде. Жоба аясында ата кәсіпті жалғастырып жатқандар аз емес. Несие алған азаматтар етті және сүтті бағыттағы ірі қара асырауда. Шаруалардың тыныс-тіршілігімен әріптесіміз танысып қайтқан болатын.