Қырықтың қырқасынан асқан түркістандық азаматтар футболдан жүлделі оралды. Олар Астана қаласындағы 27-30 шілде аралығында өткен Қазақстан чемпионатына қатысқан еді. Ала доп аламанына барып, жүлдемен оралған спортшыларды Түркістан қаласының әкімдігі марапаттады.