Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 6-туры өтті. Өз алаңында Алматылық «Қайратты» қабылдаған «Астана» футбол клубы 0-3 есебімен есе жіберді. Қонақтар сапынан Джоао Пауло дубль авторы атанса, Дмитрий Сергеев есепті еселей түскен. Турдың келесі кездесуінде Шымкенттік «Ордабасы» «Қажымұқан» атындағы орталық алаңда Қостанайлық «Тобылды» ойсырата жеңіп, таблоға 4-1 есебін тіркеді. Асхат Тағыбергеннің айып алаңының сыртынан соққан голы футбол сүйер көрерменді қуанышқа бөледі.