Түркістан облысы, Жетісай ауданында газ тарату станциясы іске қосылды. «Сақалды құрылыс» болып, біраз жыл бойы аяқсыз қалған нысан биыл пайдалануға берілді. Енді осы станция арқылы Ералиев, Абай, Қызылқұм және Мақталы ауылдық округтеріне қарасты 50 елді мекендегі 8168 үй табиғи газбен қамтылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды станцияны іске қосу рәсіміне қатысып, тұрғындардың қуанышын бөлісті. Тұрғындар, ел ақсақалдары осы жобаны жүзеге асырған азаматтарға алғыстарын білдірді. Жалпы, Жетісайда газдандыру жұмысы қарқынды. Бүгінде ауданға көгілдір отын жеткізуге республикалық бюджеттен 9,8 млрд. теңге қаржы қаралып, 14 жобаның құрылысы жүріп жатыр.