Екі ел арасындағы мәселе одан сайын ушығуда. Израиль әскерилері Газа секторын толық қоршауға алған. Премьер-министрдің, мәліметінше Палестина аймағына азық-түлік, жанармай және электр энергиясын жеткізу тоқтатылады. Бірақ, оған қарамастан жарықсыз, тамақсыз, сусыз қалған Газа секторын үшінші түн қатарынан бомбалау жалғасуда. Палестина президенті мұны адамзатқа қарсы қылмыс деп атап, халықаралық араласуды талап етті.