Елімізде газдан улану жағдайлары көбейген. Бір ғана Түркістан облысының өзінде былтыр қыс айларында осыған байланысты 83 жазатайым оқиға тіркелсе, одан 186 адам жетіп зардап шегіп, 14 адам көз жұмған. Қайғылы жағдайлар көбіне мұржалардың уақтылы тазаланбай, қала берді газ қондырғыларының қауіпсіздік пен құрылыс нормаларына сәйкес орналаспауынан болған дейді мамандар. Сондай-ақ, кей тұрғындар қолдан жасалған газ жабдықтарын да пайдаланған. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің мамандары мәлімдеді.