Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары атқарған жұмыстары бойынша БАҚ өкілдеріне есеп беріп, көптеген көкейдегі сауалдарға жауап берді. Ержан Қосмамбетов қалада мектептердің және мәдениет орындарының жетіспейтіндігін басты назарға алғандығын айтты. Қазіргі таңда халық қалаулысының ықпалымен Арыста жаңа білім ордаларының құрылысы қарқынды жүріп, саябақтар ел игілігіне беріліпті. Ал Қазығұрттық депутат Нұржан Сапабекұлы осы уақытқа дейін 11 депутаттық сауал жолдап, оның 5-еуінің орындалғанын, тағы алтауы қаралу үстінде екенін еске салды.