Францияда Халықаралық әйелдер күнінде мыңдаған адам қатысқан жалпыұлттық шеру ұйымдастырылды. Әйел құқықтарын қорғаушылар қыз-келіншектердің жағдайын жақсартуды талап етті. Үкімет мереке қарсаңында бірқатар заң әзірлеген. Құжаттар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерді қорғайды. Бұдан бөлек 10 мың әйелге қаржылай қолдау көрсетіліп, технология саласында еңбек ететіндердің айлығы өсетін болады. Бірақ шеруге шыққан көпшіліктің бұған көңілі толмай отыр.